Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
09.09.2019
Филология және көптілді білім беру институтында «Өссе тілім, мен де бірге өсемін!» тақырыбында тілдер мерекесі өтті
2019 жылдың 5 қыркүйегінде Филология және көптілді білім беру институтында академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні университет көлемінде салтанатты түрде аталып өтті. «Өссе тілім, мен де бірге өсемін!» тақырыбында Тілге арналған мерекеге университеттің Филология және көптілді білім беру, Педагогика және психология, Математика, физика және информатика, Жаратылыстану және география, Өнер, мәдениет және спорт, Тарих және құқық институттарының орыс бөлімдерінде оқитын студенттер өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шарада өлеңді жатқа оқудан Зарина Құрбанбаева, Алина Гроц, Мария Лаврова және Хасият Насирова жүзден жүйрік атанды. Олар Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Күлаш Ахметованың, Ысқақ Әкімнің тіл туралы терең мәнді өлеңдерін қазақ тілінде асқан шеберлікпен оқып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Шараны студенттермен қатар, университет қызметкерлері мен оқытушылар да тамашалады.
Институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, профессор Темірхан Тебегенов, кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова Тілдер мерекесін өзге тілді студенттердің қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Гүлжиһан Шаһарман, Меруерт Алибаева және Сауле Нұрғалиға өз пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|