қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2019

Магистранттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барды

 

2019 жылдың 16 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және көптілді білім беру институтының академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мамандандыратын «6М012100 -Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранттары топ эдвайзері Гүлмира Есіркепованың жетекшілігімен Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын - сүргін құрбандары мұражайына» барып қайтты.

 

Мұражай директоры Әнес Ғарифолла кездесіп, мұражай қызметкерлерінен көп мағлұматтар алдық. Мұражай екі үлкен залдан және бір конференция залынан тұрады. Бірінші залда археологиялық ескерткіштер мен экспонанттар қойылса, екінші залда қуғын - сүргінге ұшыраған 5000 адамның есімдері қабырғада жазылған. Сонымен қатар, екінші залда сол қуғын - сүргінге ұшырағандар жайлы ақпараттарды электронды тақтайшада жазылған. Конференция залынан мұражай қонақтарына қуғын - сүргін құрбандары жайлы қысқа метражды фильм көрсетіледі. Мұражайдың жанында шағын ескерткіштер аллеясы бар.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу