қазақша · русский · english
 
 
 
15.05.2019

Ғұмыры ғылыммен өрілген...

 

2019 жылдың 14 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында Филология және көптілді білім беру факультетіне қарасты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Бақтияр Смановтың өнегелі өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Ғалым мінбері» тақырыбында дәстүрлі ғылыми-семинар өтті.


Семинарды кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова ашып, ғылымға бет бұрып отырған жастарға «Жаныңда жүр жақсы адам» ұстанымын мысалға келтіре отырып, әдіскер-әдебиетші ғалым Бақтияр Смановтың шығармашылық ғұмырбаянынан сыр шертетін тағылымды тұжырымдар айтты.


Семинардың модераторы белгілі әдебиетші ғалым, профессор Темірхан Тебегенов Бақтияр Смановтың өмірі мен шығармашылығын қысқаша баяндай келіп, бұл тақырыптың өнегелі тұстарын кеңінен баяндауды көрнекті жазушы, драматург Серік Асылбекұлына берді.


Мәнді де мағыналы дайындалған бұл баяндамада автор өмірінің ғылыммен егіз өрілгендігі және оның кісілік келбетінің өнегелі тұстары барынша кеңінен ашыла түсті. Семинарға белгілі әдебиет сыншысы, профессор Бекен Ыбырайым, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Әдебиеттану» мамандықтарының докторанттары мен магистрант жастары және кафедраның ПОҚ қатысып, ғалыммен салиқалы сұхбат құрды.


Сондай ақ, семинар барысында әдіскер ғалымның бір топ шәкірттері Гүлмира Каримова, Шоқан Құттыбаев, Еділ Әбдімомынов, Еркінбек Тұрғыновтар жылы лебіздерін білдіріп, ғалымның өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін арнайы бейнероликтер көрсетіп, Республикалық «Білім Тaims» ғылыми-танымдық журналаның бір нөмірін өздерінің ғылыми жетекшілері Бақтияр Смановқа арнайы шығарылғандығын айтып, журналды жиналған көпшілікке табыс етті.

 

   

 

  




Кері оралу