қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2019

«Шал ақын мен Көтеш ақын шығармашылығы» тақырыбындағы ашық сабақ

 

2019 жылдың 26 сәуірінде академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Гүлмира Есіркепова «5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті» (3ж.) мамандығының 1 курс студенттеріне «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні бойынша «Шал ақын мен Көтеш ақын шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 

Мақсаты- Шал ақын мен Көтеш шығармашылықтарын таныту, Көтеш ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ашу,Шал ақын шығармаларындағы әлеуметтік мәселелерді толғаулары арқылы дәйектеу, Көтеш ақын шығармаларының дидактикалық сарын сипаттау.

 

Ұйымдастыру кезеңінде студенттер «Онлайн топқа жинақтау» бағдарламасы бойынша 2 топқа жинақталады.

 

Сабақ барысында интерактивті тақтадан «Білгенім бір тоғыз» интелектуалды тапсырмасы көрсетілді.

 

Шығармашылық жұмыс студенттер арасынан екі ақынның толғаулары мәнерлеп оқылып, топ арасында оқылған толғаудың көркемдік ерекшелігіне талдау жасалды.


Студенттер сабақтан алған мәлеметтерін түйіндеу мақсатында «Kahoot» электронды тест жұмысын тапсырды. «Рефлексия» сабағы «БББ» әдісімен қорытылды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу