қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2019

«Академиялық адалдық» кодексін талқылау

 

29 наурыз - 4 сәуір аралығында академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «5В011700/6М-Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В020500/6М-Филология», «5В012100/6М-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1,2,3,4 курс бакалавриат студенттерінің және 1,2 курс магистранттарының эдвайзерлері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңес мәжілісінің 2017ж. 31 қазандағы №2 хаттамасымен бекітілген «Академиялық адалдық» кодексімен стеденттерді толықтай таныстырып, сапалы білім алудағы маңыздылығын түсіндірді. Студенттерге, магистранттарға академиялық адалдық қағидаттарымен, принциптерімен, академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар мен тәртіп шаралары туралы мағлұматтар беріп студенттердің ой-пікірлерін талдап, білім алушыларға адалдық,ашықтық,академиялық әділетсіздік ,плагиат туралы түсіндірді.


«Академиялық адалдық» кодексімен таныстырудығы басты мақсат:

- білімгерлерді ғылыми сипаттағы зерттеу жұмыстарымен айналысуға баулу;

- білімгерлердің бойында ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ғылыми жұмыстарды орындау барысында академиялық адалдық пен ғылыми әдепті сақтауға үйрету, плагиаризм туралы түсініктерін қалыптастыру;

- білімгерлерді жемқорлыққа қарсы күресуге тәрбиелеу болып табылады.

 

«Академиялық адалдық» кодексін талқылау

 

   

 

   

 




Кері оралу