Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
03.04.2019
Мемлекеттік педагогикалық және өндірістік практикасының қорытынды есебі
2019 жылдың 2 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтының бітіруші түлектерінің мемлекеттік педагогикалық және өндірістік практикасының қорытынды коференциясы өтті. Конференцияны институт бойынша педагогикалық практиканың жетекшісі п.ғ.к., ассоц.профессор Айтжамал Рауандина жүргізіп, есеп берді.
Педагогикалық және өндірістік іс-тәжірибе Алматы қаласының 16 мектебінде, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі, М.Әуезов атындағы әдебиет институты, АйСаф жеке қыздар мектебі, Шет тілдері педагогикалық колледжі, Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі, Мысырдың мәдениет пен білім ісі жөніндегі орталығында жүргізілді. Еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 27 студент Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Маңғыстау облыстарында тәжірибеден өтті.
Қорытынды конференцияда «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «5В020500-Филология», «5В011900-Шетел тілі: екі шет тілі» мамандықтарының студенттері есеп берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|