Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
18.03.2019
«Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» онлайн-вебинары
15 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауында көрсетілген бағдарламасының концептуалды негіздерін іске асыру мақсатында «Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн-вебинар жұмысы өтті.
Онлайн-вебинар Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен Латын ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Республикалық онлайн-вебинар жұмысына: ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары; Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері; республикалық деңгейдегі өңірлік жоғары оқу орындары: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессор- оқытушылары; Алматы қаласы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, ҚазҚызҰПУ, Абылай хан атындағы ӘТжХҚУ, СДУ, т.б.); «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы; Алматы қаласының әкімшілігі; Университеттің білім алушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Республикалық дөңгелек үстел жұмысында: - ономастикалық атаулардың графикалық кеңістікте таңбалану мәселелері; - графикалық кеңістіктегі жарнама және маңдайша мәтіндері; - антропонимдер орфограммаларының бірқатар мәселелері; - oномастикалық-графикалық кеңістіктің латын негізді қазақ жазуына негізделу мәселелері талқыланды.
«Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн-вебинар жұмысын университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева жүргізді. Республикалық онлайн-вебинар жұмысына республикамызға латын графикасымен тікелей зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген танымал ғалымдар баяндамалар жасап, келелі ойлары мен дәйекті пікірлерін ортаға салып жан-жақты талқылау жұмыстары жүргізілді.
Семинардың қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|