қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оны алдын алу жөніндегі кафедра отырысы


2019 жылдың 20 ақпанында академик С. Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР Білім туралы Заңы талқыланып, кредиттік негізде білім алудың ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілді. «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В020500-Филология», «5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының топ эдвайзерлеріне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми кеңес мәжілісінде «31» қазан, 2017ж. №2 хаттамасымен бекітілген «Академиялық адалдық» кодексімен толық таныстырылып, сапалы білім алудағы маңыздылығы түсіндірілді.

 

Кафедра меңгерушісі профессор Қалбике Есенова, п.ғ.к., доцент Ерлан Қасенов, п.ғ.к., аға оқытушы Айтжамал Рауандина талқылауда сөз алды.

 

Докторанттар және кафедра оқытушылары талқылауға белсене қатысты.

 

   

 

   




Кері оралу