қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2019

«Журналист болғың келсе...» әдеби-танымдық кездесу

 

12 ақпан күні Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын №2 орта мектеп-интернатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, журналист, ақын, «Түнгі сарын», «Еркін аспан өлеңі» жыр жинақтарының авторы Мұрат Шаймаранмен «Журналист болғың келсе...» әдеби-танымдық кездесу өткізді.


Кездесуді академик С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Райгүл Рахметованың жетекшілігімен осы мектепте педагогикалық практикада жүрген «5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырды.

 

Кездесуге қатысқан 9 сынып оқушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жан-жақты жауап ала алды. Журналист Мұрат Шаймаран оқушыларға журналистика мамандығының қызығы мен қиындығы, қыры мен сыры, тарихи даму жолы мен болашақтағы бағыт-бағдары туралы айтып берді. Журналистке қажетті қасиеттер мен ерекшеліктерді санамалап көрсетіп, оны қалыптастырудың жолдарын түсіндірді.

 

Журналистика саласы туралы көп мағлұмат алған оқушылар журналист Мұрат Шаймаранға және кездесуді ұйымдастырған практикант-студенттерге алғыстарын білдірді.

 

   




Кері оралу