қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2018

Филология және көптілді білім беру институтында «Жалпыхалықтық диктант» өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша 2018 жылдың 14 қарашасында Филология және көптілді білім беру институтының білім алушылары мен профессор-оқытушы құрамы қатысқан жалпыхалықтық диктант мерзімге сәйкес өткізілді.


Диктантты жазуға жалпы саны 548 адам қатысты. Латын графикасына негізделген диктантты жазу барысында институттың оқытушылары, білім алушылары, қызметкерлері аса белсенділік және қызығушылық танытты. Диктантты тексеру жұмысына қатысты құрылған комиссияның талдау нәтижелері төмендегідей қанағаттанарлық мәліметтерді анықтады:

 

№ п/п

 

Қатысушылар контингенті

Қатысушылар саны

Комиссия бағасы

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1

Оқытушылар

52

30

19

3

2

Студенттер

426

172

114

140

3

Магистранттар

50

30

18

2

4

Докторанттар

20

16

4

0

Жалпы саны

548

248

155

145

  

Диктант жазу барысында білім алушыладың «Ы» мен «У» және «І» мен «И» дыбыстарын таңбалауда көп қате жібергендігі айқындалды. Жалпыхалықтық диктант қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезеңмен көшіру бойынша ұйымдастырылған тиімді іс-шара екендігін нақтылады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу