қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2018

«Түркі тілдес халықтардың әліпби игерту технологиясы» семинар-тренингі

 

2018 жылдың 11 қазанында «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» ғылыми жобаны орындаушылардың ұйымдастыруымен «Түркі тілдес халықтардың әліпби игерту технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 

Семинар Филология және көптілді білім беру институтының ди⁠ректоры, ф.ғ.д., профессор Балтабай Әбдіғазиұлы ашып, латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді білім беру жүйесіне ендірудің маңыздылығын атап өтті. Аталған ғылыми жобаның жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, п.ғ.д., ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Фаузия Оразбаева семинардың мақсатына тоқталып, қонақтарды таныстырды. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Қалбике Есенова семинар тақырыбының өзектілігін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

 

Іс-шараға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі,ф.ғ.д.,профессор Орынай Жұбаева, Грамматика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Альфия Солтанбекова, Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жанар Жұмабаева, Алматы технологиялық университеті Инжинеринг және ақпараттық технологиялар факультетінің инженері, Robolab-Robotics зертхана жетекшісі Нұржан Жұмахан, ЖШС «SANA academy»-ның ди⁠ректоры Нұрсұлтан Әжімұратов, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті академиясының профессоры, ф.ғ.д. Сара Қоянбекова, Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Жанат Дәулетбекова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Жұмағали Әбуов, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Назира Әміржановалар баяндамалар жасады.

 

Алматы қаласы ЖОО-ның ғалымдары, докторанттар мен магистранттар көтерілген мәселелер аясында ойталқыға қатысып, семинар-тренингтің нәтижесі бойынша шешім қабылданды.

 

   

 

  




Кері оралу