Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
13.02.2025
Мұқағали мәңгілік ғұмыр
2025 12 ақпанында №147 гимназияда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс практиканттары мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Мұқағали мәңгілік ғұмыр" атты әдеби кеш өтті.
Іс-шара ұлы ақынның әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ әдебиетіндегі орны жан-жақты таныстырылды. Практиканттар ақынның жүрек тебірентер жырларын мәнерлеп оқып, поэзиясына арналған сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, Мұқағали поэзиясының ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеудегі маңызы туралы ой қозғалды.
Шара аясында гимназия оқушылары ақынның әнге айналған өлеңдерін орындап, оның қаламынан туған терең мағыналы туындылардың көркемдік ерекшеліктерін талдады. Мұқағали өлеңдеріне арналған презентациялар көрсетіліп, ұстаздар ақын шығармашылығының қазақ мәдениетіндегі рөлі туралы баяндама жасады.
Бұл әдеби кеш жас ұрпақтың Мұқағали мұрасына деген сүйіспеншілігін арттырып, оның жырларының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді. Қатысушылар ақынның өлмес өлеңдері арқылы рухани байып, әдебиет әлеміне терең бойлады. Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сахиева Райса сөз сөйледі.
Ұйымдастырушылар: №147 гимназия әдебиет пәні мұғалімдері мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті, 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс практиканттары мен жетекшілері Балабекова Қатира, Аширов Жәнібек.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|