Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
16.01.2025
Түрлі стильдегі мәтіндермен жұмыс арқылы оқу сауаттылығын жетілдіру 2025 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда жұмыс тобының жетекшісі, п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның ұйымдастыруымен Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы филиалының кезекті семинары болды. Семинарда жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., доцент Е.С.Қасен «Білім алушыларды стиль түрлеріне дағдыландыру (8-сынып) тақырыбында баяндама жасап, мектеп бағдарламасы бойынша тілді стиль түрлеріне сай қолданудың өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Н.Ә.Ильясова мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдірудегі мәтіннің рөлі және оны оқытудың әдіс-тәсілдері жайында баяндады.
Семинарға қатысушы мұғалімдер талқыланған тақырыптарға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|