қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2025

«Абайдың толық адам тұжырымы» танымдық іс-шарасы

 

2024 жылдың 3 желтоқсанында №81 мектеп гимназиясы, №12 Ш. Уәлиханов атындағы мамандырылған гимназия мұғалімдері мен оқушылары қатысқан «Абайдың толық адам тұжырымы» атты танымдық іс-шара өткізілді. Адамзатты дұрыс адам болуға, адамгершілік ізгі жолға шақырған Абай өлеңдерін талдап ұсынған ф.ғ.к., профессор Г. Қосымованың дәрісін мектеп оқушылары, ұстаздар сүйсініп тыңдады. Оқушылар сұрақ қойып, Абай іліміне деген қызығушылықтарын танытты. Іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болды. Ұйымдастыру комитеті: факультет деканы А.Танжарикова, Қазақ тілінің теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Н.Ильясова, профессор-оқытушылар Г.Қосымова, М. Жүніс, Г.Раева, Ж. Қоқанова.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу