Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
19.09.2024
Тұлғалық даму тақырыбындағы танымдық дәріс 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық риторика» пәні бойынша тұлғалық даму саласының цифрлық кеңесшісі Жансая Жанибекқызы Филология факультеті «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттеріне «Тұлғалық даму» тақырыбы негізінде дәріс өткізді. PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Молдағали Бақытгүлдің ұйымдастыруымен өткен дәрісте Жансая Жанибекқызы аудиториямен сұрақ-жауап айдары, сана саны бойынша тұлғаны талдау, кері байланыс жұмыстарын жүргізді.
Дәрісте тұлғалық дамудың негізгі принциптеріне тоқталумен қатар, наным-сенім, ой, түпсана сынды сұрақтар негізінде біраз ой-толғау болды. Әр студент өзінің цифрлық кодын тапқандай болды. Қарапайым сандарға жан беру арқылы, дәрістің сәні одан әрі кірді. Олар өздеріне тән сандар арқылы қандай іске икемі бар екенін, жасырын қырларын көре алды. Айтылған ұсыныстар бағыт-бағдар алынып, ортақ мақсаттарға жету жолдары айқындалды.
Дәріс нәтижелерін қорытындылай отырып, ортаға салынған идеялар мен тәжірибелердің барлығы өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор екенін атап өтуге болады. Әрбір пікір, ұсыныс және жасалған талқылаулар жаңа мүмкіндіктер ашып, алдағы мақсаттарды нақтылауға септігін тигізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|