Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
22.04.2024
Кәсіби педагогикалық қызметті айқындаудағы педагогикалық практиканың рөлі 2024 жылдың 18 сәуірінде Филология институты «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби педагогикалық қызметті айқындаудағы педагогикалық практиканың рөлі» тақырыбында студент-практиканттарға мектеп мұғалімдерімен кіріктірілген шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабақта С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Досымбекова «Білім сапасын арттырудағы құзіреттіліктер - педагогтің басты ұстанымы» тақырыбындағы кіріктірілген шеберлік сабағында педагогикалық практиканың маңызы, оқу мен оқытудағы кедергілер жайлы іс-тәжірибелерімен бөлісті. С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұржігіт Аманов «Кәсіби педагогикалық қызметті айқындаудағы педгогикалық практиканың рөлі» кіріктірілген шеберлік сабағын жүргізіп, студенттерге ұстаздың қоғамдағы рөлі, әрбір сабақ - бір әлем, жүйелі жұмыс - жетістік кепілі тақырыбында озық сабақ үлгілерін көрсетіп, өзінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында студенттер спикерлерге сұрақтар қойып тапсырмаларды бірге орындады.
Филология институты «Қазақ тілі теориясы және оқыту» әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Н.Ә. Ильясова бүгінгі өткізіліп жатқан шара басекеге қабілетті маман даярлау жолында қолға алынып отырған бастама екенін, алдағы уақытта мұндай кездесулерді кафедра тарапынан дестүрлі түрде ұйымдастырылып отыратынын сөз етті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасының PhD, аға оқытушы Қ.Ш. Балабекова бұл шеберлік сабағы мектепте педагогикалык практикадан өтіп жатқан студенттерге әдістемелік колдау керсету мақсатында арнайы ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|