Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
15.04.2024
Профессор Балқия Қасымның ғылыми еңбектерінің тұсаукесері
«Ғылым декадасы - 2024» аясында Филология институты, қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастырумен профессор Балқия Қасымқызының «Дарын» баспасынан шыққан «Метафоралы аталымдар: когнитивті-семантикалық сөзжасам», «Сөзжасам: Семантика. Уәждеме» монографиялары, оқу құралдары «Когнитивті лингвистика», «Қазақ тілінің сөзжасамы: интерактивті технологиялармен оқыту» және оқулық (Түркия, қ.Анкара «AKÇAĞ») «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» баспасынан шыққан 5 кітабының тұсаукесері болды. Тұсаукесерді кафедра меңгерушісі Н.Ә.Ильясова ашып, ғалымның Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі екенін, аспирантура, докторантура бітіргенін тілге тиек етіп, ғылым жолындағы сара жолын әңгімеледі. Тұсаукесерден соң ғалымның ғылыми монографиялары мен оқулықтарын және оқу құралдарын институттың білім алушыларына таныстыру көзделді. Арнайы конақ ретінде шақырылған профессор З.Ш.Ерназарова профессор Б.Қасым еңбектерінің зерттеу бағыттарымен, ғылыми тұжырымдамаларымен таныстырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|