қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2023

Түркиядан келген шетелдік ғалымдардың оқу курстары

 

2023-2024 оқу жылының 23 қазан мен 18 қараша аралығында Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттары мен студенттеріне Фырат университетінің (Түркия) профессорлары, филология ғылымдарының докторлары Ахмет Буран «Түркі тілдерінің жазу тарихы», Фатиһ Өзек «Түркі тілдерінің фонетикасы» тақырыптарында дәріс және семинар-тренинг жүргізуде.

 

Түркітанушы ғалым Ахмет Буранның «Түркі әлеміндегі әліпби, тіл мәртебесі», «Түркі әлеміне ортақ қарым-қатынас тілі», «Түркі тілдерін жіктеу мәселесі», «Түркі тілдерінің жазу тарихы» тақырыптарында оқыған дәріс, семинарлары өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр.

 

Профессор Фатиһ Өзек студенттер мен магистранттарға түрік тілінен семинар-тренинг жүргізіп, түрік тілінде тілдік коммуникация жасауға үйретудің шебер әдістемесін көрсетті. Әр семинар-теренинг өте жоғары деңгейде өтуде. Білім алушылардың түрік тілін меңгеруге деген ынтасы мен қызығушылықтары да ерекше. Семинар сабақтарында түркі тілдерінің фонетикасын меңгертуде салыстырмалы әдісті кеңінен қолдануы тиімді нәтижесін беруде.

 

Шетелдік ғалымдар жоғары ғылыми біліктілігін ғана емес, сонымен қатар аудиториямен байланыс жасау шеберлігін, тыңдаушыларды ғылыми ізденіс энергиясымен қызықтыра алатынын көрсетті. Білім алушылар дәрістер мен семинарларда нәтижелі жұмыс жасауда.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу