қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2021

«Функционалды грамматиканың даму бағыттары» ғылыми семинары

 

2021 жылы 14 қаңтарда Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова мен кафедра маманы Қаламқас Қалыбаеваның ұйымдастыруымен жоспарлы ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарда Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Бижомарт Қапалбек «Функционалды лингвистиканың даму бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қазақ тілінің жұмсалым аясына қатысты зерттеулер мен оған қатысты шешімін таппай тұрған өзекті проблемалар жайында жан жақты талдау жасады. Атаулы ғылыми семинарға кафедра ұжымы, институттың докторанттары мен магистранттарынан басқа Назарбаев университеті, Сүлеймен Демирел университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қорқыт ата университеті, Жетісу университеті, Алматы менеджмент институты, Алтынсарин академиясы, Алматы кітап баспасы мамандары, Республикалық өңірдегі мектеп пен колледж мұғалімдері қатысып, өзара ой бөлісті. Семинарда Назарбаев университетінің профессоры Зейнехан Күзекова, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Дина Әлкебаева, кафедрамыздың профессорлары Гүлбану Қосымова, Жаңалық Балтабаева сияқты әлеуетті мамандар функционалдық лингвистика бағытының күрделі проблемаларына қатысты тұщымды ой пікірлерін ортаға салды. Семинар баяндама тыңдаушыларын қызықтыратын түрлі сұрақтарға жауап берумен жалғасын тапты. Семинар соңында кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова ғылыми семинардың қорытынды нәтижелерін түйіндей келе, бұл семинардың өз мақсатына жеткенін атап өтіп, семинар қонақтарына алғысын білдірді.

 

      

 

   




Кері оралу