қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2020

Студенттер - ғылым жолында

 

2020 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының академик С. Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Мемлекеттік тіл: ана тілі, функционалды екінші тіл, ресми тіл» тақырыбында доцент Райгүл Ракметованың төрағалық етуімен және хатшы қауым. профессор м.а. Зейнеп Османованың жүргізуімен google meet платформасы арқылы онлайн түрде дәстүрлі студенттердің және магистранттардың 75-ші ғылыми конференциясын өткізді.

 

Конференцияның 2-секциясы бойынша 23 студент қатысты.

 

Бірінші орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Ақжүніс Мәлік иеленді. Баяндама тақырыбы - «Қазақ жұмбақтарының танымдық, тәрбиелік мәні» (ғылыми жетекшісі - доцент Бидана Қабатай).

 

Екінші орынды «Қазақ-орыс тілдерінің өзара ықпалдастығы (социолингвистикалық ізденіс)» баяндама тақырыбымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Айжан Сералы (ғылыми жетекшісі - профессор Саян Жиренов); «Б. Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер» тақырыбымен «Педагогикалық география» мамандығының 1 курс студенті Ринат Еспаев (ғылыми жетекшісі - қауымд. профессор м.а. Меруерт Алибаева) иеленді.

 

Үшінші орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Жансая Намаз (баяндама тақырыбы - «Абайдың «толық адам» ілімінің зерттелуі», ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Айжан Юсуп); «Түркітану» мамандығының 1 курс студенті Маженова Әйгерім (баяндама тақырыбы - «Қыпшақ тілдеріндегі араб-парсы сөздерінің этномәдени сипаты», ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Роза Бақбергенова); «Бастауышта оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (НОИКТ)» мамандығының 1-курс студенті Кристина Дегтярёва (баяндама тақырыбы - «Көптілділік - адам капиталы дамуының бір қыры», ғылыми жетекшісі - доцент Гүлжихан Шаһарман); «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Мадина Тулеген (баяндама тақырыбы - «Абай шығармашылығындағы білім мен тәрбие сабақтастығы», ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Гүлназ Нүптекеева) иеленді.

 

Конференция жұмысы жақсы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

 

 

      

 

      




Кері оралу