қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2020

Мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту күшейтіледі

 

2020 жылдың 10 қарашасында Филология және көптілді білім беру инстиутының директоры Алуа Таңжарықова мен академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясы және Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын №2 мектеп-интернаты директорларымен және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен кездесіп, екі жақты келісім-шартқа қол қойылды.

 

Мұндағы мақсат - №2 мектеп-интернатымен бірлескен байланыста қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға арналған оқытудың брендтік жүйесін қалыптастырып, «Ребрендинг» оқытудың ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылатын болады. Бұл зертханада кафедра ғалымдарының қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға арналған ғылыми-теориялық, әдістемелік зерттеулерінің эксперименті жасалады. Ал Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі теориялық тұрғыда зерттеліп, эксперименті осы гимназияда жүргізіледі.

 

​Бүгінгі қолға алынған жаңа бастамалар жақын арада Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда, №178 лицейде және І.Жансүгіров атындағы № 130 гимназияда жалғасын табады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу