қазақша · русский · english
 
 
 
25.05.2020

Әріптесіміз үздік ғылыми мақаласы

үшін «ЖАС ҒАЛЫМ-2020» төсбелгісімен марапатталды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Дюсембина Гулсамал Ерболқызы ТМД елдерінің жас ғалымдарының арасында ұйымдастырылған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ-2020» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының І халықаралық кітап басылымы» атты халықаралық байқауда филология бағыты бойынша жарияланған ғылыми мақаласы үздік деп танылып, 1 дәрежелі диплом және ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «ЖАС ҒАЛЫМ-2020» төсбелгісімен марапатталды.

 

Аталған марапатты Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық қолдау министрлігінің акт залында ТМД елдерінің әр өңірінен жиналған 80-ге жуық жас ғалымдардың алдында ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков арнайы табыстаған болатын. Әріптесіміз Гүлсамал Ерболқызын абыройлы жеңісімен құттықтай отырып, қазақ елі ғылымы мен ғалымдарының тұғырын биіктету және жаңа белестерді бағындыру жолында шығармашылық табыс тілейміз. Жас ғалымдардың еңбегін елеп, игі шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу