Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Жаңалықтар
30.04.2020
«Абай мұрасы - рухани кемелділік өзегі» вебинары
«Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі» пәнінің аясында қорытынды сабақ ретінде өтілген вебинарға кафедра құрамы де қатысты. Магистранттар Нышанбаева Тоғжан, Жашаралина Гүлден, Махамбетова Алтынай, Рүстем Наркес, Рабаева Ақерке, Смадиярова Эльмира, Маруақызы Толғанайдың Абайдың философиясы, педагогикалық ойлары жайлы жасаған баяндамаларын кафедра профессор-оқытушылары Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Қ.Қалыбаева, Е. Молдасанов, З.Османова және т.б. оқытушылар жоғары бағалап, пікірлерін білдірді.
Магистранттар Абай мұрасының ХХІ ғасырда алар орнының ерекше екенін дәлелдеп, ақын мұрасын дамыту үшін ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Екі сағатқа созылған танымдық вебинарда құнды пікірлер айтылып, шәкірттермен ұстаздар арасында кері байланыс жүргізілді. Қатысушылар өзара пікір алмасу арқылы Абай мұрасының қазіргі жаңартылған білім берумен байланысын жан-жақты ашып көрсетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|