қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Ғылым апталығы: жазғы сессияны өткізу мәселелері талқыланды


2020 жылы 24 сәуірде Ғылым апталығы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Жазғы сессия: қашықтан оқыту жағдайында бақылау формаларын оңтайландыру мәселелері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік вебинар өтті.


Вебинарда қашықтан оқыту барысында көрініс тапқан проблемалық мәселелер мен жазғы сессияны тапсыру бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар қозғалды. Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаева емтихан мен ғылыми жұмыстарды қорғау бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәжірибесімен бөлісті. Кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова қашықтан оқыту барысында қазақ тіліндегі түйткілді мәселелерге назар аударып, бүгінгі күні орын алған кемшіліктерге сараптама жасады. Кафедраның аға оқытушы Назира Әміржанова қашықтан оқыту кезінде педагог мамандардың сөйлеу техникасында көптеген кемшіліктер орын алып жатқанан, оның себептерін түсіндірді. Доцент Нағима Ильясова интернет ресурстарына қазақ тілі пәнінің әрбір саласы мен әрбір тақырыбына қатысты құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік аспектіде видеосабақтар жүктеу мәселесін көтерді.

 

Аталған мәселелерге байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы мамандары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шерубай Құрманбайұлы қатысып, ой-пікірлерін айтып, жан-жақты талқылау болды. Республикалық оқу-әдістемелік вебинар жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

 

 




Кері оралу