қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2023

PUDP тренингтерінің бірінші сессиясы


2023 жылғы 25 қаңтарда Алматы мектептері мен колледждерінің мұғалімдері Scaffolding PUDP (Pedagogical University Development Project) жобасының бірінші тренингіне жиналды. Бұл жоба АҚШ елшілігінің демеушілігімен және ARELTA басқаруымен жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты - жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің оқыту әдістемесі мен оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша біліктілігін арттыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қаласының ұстаздар қауымына есігін айқара ашты.


Алғашқы семинарды тренер - PhD, Филология институтының шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жұлдыз Құрмамбаева жүргізді. Әрбір тренингке қатысушыға жобаның логотипі бар арнайы папка берілді, онда бағдарлама жоспары, төсбелгі және кеңсе тауарлары бар. Тренингтің мақсаттары мен күтілетін нәтижелерімен таныстырылды. Қатысушылар сабақ кестесімен, жоспарымен және оқу талаптарымен танысып, сонымен қатар «Think-pair-share» жаттығуын сабақта қалай қолдану керектігі көрсетілді. Тыңдаушылар барлық іс-шараларға белсенді қатысты, сонымен қатар жергілікті деңгейде олардың қажеттіліктерін анықтау үшін сауалнамасын толтырды. Семинар соңында қатысушылар тренинг барысында алған әсерлерімен және ой-пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Тренингтің ұзақтығы 15 апта, мамыр айына дейін өткізіледі.


https://www.facebook.com/profile.php?id=100086503478514&mibextid=LQQJ4d

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу