қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2022

«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде CLIL технологиясын жоспарлау және интеграциялау» Республикалық оқу - әдістемелік семинары

 

2022 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының шетел тілдері кафедрасы мен Білім беру бағдарламаларын жобалау департаменті оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарының CLIL оқытушылары мен Қоқан педагогикалық институтының (Өзбекстан) оқытушылары қатысты.


Семинар барысында CLIL технологиясын оқу үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері талқыланып, CLIL-ді білім беру процесіне интеграциялау жөнінде ф.ғ.д., проф.Т.Т.Аяпова, ф.ғ.к., қауым.проф. З.А.Кемелбекова, ф.ғ.к., қауым. проф. Б.Е.Букабаева., педагогика ғылымдарының магистрлері С.Е.Есенаман, К.С. Дегтярева, Д.Б. Исмаилова, М.М Серікбай баяндама жасады. CLIL мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы мен «Пән мен тілді кіріктіріп оқудың теориясы мен практикасы» оқу-әдістемелік құралының таныстырылымы өтті. Семинарға қатысушылар семинардың өзектілігін, уақтылығын, пайдалылығы мен жаңалығын ерекше атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу