Шетел тілдері кафедрасы |
23.04.2021
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі - мамандар өмірінде
2021 жылғы 21 сәуірде Филология және көптілді білім беру инcтитуты «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сатылханованың ұйымдастыруымен жас мамандар, магистрант және студенттер үшін «Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі - мамандар өмірінде» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинардың бағдарламасына сәйкес кафедраның ғалым-ұстаздарының ғылыми баяндамалары тыңдалды. Доцент Зауре Баданбекқызы «Сауатты ғылыми мақала жазу - біліктілік өлшемі» баяндамасында ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптарды, ғылыми мақаланы рәсімдеудің ережесі мен үлгісі туралы баяндай келе, академиялық жазылым мәселесіне тоқталды.
Профессор Танат Аяпова «The Basis of the First Language Personality» тақырыбындағы баяндамасында тұлғaның жeкeлік қaсиeтіне, тілдік тұлғаның қaлыптaстырушы фaкторлaры мен даму принциптерінің негіздерін атап өтті.
Доцент Кемелбекова Зада және Дегтярева Ксения «Дипломдық жоба жұмысын жазу кезеңдері мен алгоритмы» тақырыбында бітіруші студенттерге әдістемелік тұрғыда ғылыми баяндама оқыды. Дипломдық жоба жұмысының құрылымын айта келе, өзектілігі мен мақсат-міндеттерін қоюды, жобаның күтілетін нәтижелері, әдіснамасы, жобаның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындап, ашып көрсетті.
Ғылыми семинар соңында пікірталас, сұрақ-жауаптар берілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|