қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.02.2022

Оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға арналған университетте тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесі курсы

 

2022 жылдың 24-28 қаңтар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогикалық шеберлік орталығы жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға «ЖОО тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі» тақырыбында қазақ тілінде 40 сағаттық қашықтан оқыту курсын өткізді.

 

Курсқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының 20 ПОҚ, докторанттар мен магистранттары қатысты. ЖОО тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі туралы дәрістер мен практикалық сабақтарды Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы п.ғ.д., проф. Б.К. Абдугулова жүргізді.

 

Курсқа қатысушылар тарихи білім беру мазмұнына қатысты маңызды нормативтік-құқықтық құжаттармен, тарих пәнін оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы, Қазақстанда тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасып, дамуы, жаңартылған бағдарлама мен оқу -әдістемелік кешені, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, жаңашыл педагогикалық технологиялар, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, шетелдерде жоғары білімді маманды даярлау жағдайы мәселерімен танысты; тарихи білімнің жаңа мазмұнының ерекшеліктері мен әдістемесін қарастырды; оқулық құрылымын талдап, білім алушылардың түрлі тарихи құжатттар мен деректермен нақты жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, пән бойынша тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік алды; рефлексия және кері байланыс әдістерін таңдау, тақырыптарды жоспарлаудың заманауи түрлерімен жұмыс жасау әдістемесі бойынша ұсыныстар берілді. Тарих пәнінен оқулық, әдістемелік еңбектер жазған ғалымдардың өмірі мен қызметі және дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдаланудың әдістемелік жолдары туралы мәселелер ерекше қызығушылық танытты.

 

Курсқа қатысушылар қолайлы психологиялық жағдай мен оқытудың теориялық және практикалық бағытының тиімділігін атап өтті. Курстың ұйымдастырылуы мен ақпараттық-техникалық жабдықталуының жоғары деңгейде екендігін, тақырып мазмұнына сәйкес ақпарттық құралдар қолдану, лекция барысында кері байланыс бойынша жауап алу, қатысушылардың инновациялық әдістерді пайдалану тәжірибесімен еркін бөлісуі, олардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға көмектескенін атап өтіп, ризашылығын білдірді.