қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.02.2017

 

6 ақпан күні университет қабырғасында Болашақ бағдарламасының түлектерімен лекция форматында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен оқытушаларына арналған республикалық акция өтті. Бұл лекцияның мақсаты «Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдастығы тәжірибесін «Болашақ сабақтары» мен «Зияткерлік ұрпақ» жобаларымен ұштастыра отырып өскелең ұрпаққа білім мен тәжірибесін тарату.
Спикер Олжас Сулейменов - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, SHEBERBUILD құрылыс компаниясының бас директоры «ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу үндеуі» тақырыбында сөз сөйледі.
Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлуі, жоғарғы төрешінің билік тармақтары мен демократиялық жүйедегі рөлі, студенттердің «Болашақ» стипендиясына қалай тапсыруға болатындығы жайлы ақпарат берді.
«Біздің біліміміз - біздің елге» атты акция шеңберінде студенттер тәжірибесі мол спикерге сұрақ қойып тұшымды жауап алу мүмкіндігіне ие болды.


Кездесудің модераторы қызметін Халықаралық ынтымақтастық басқармасы атқарды.