қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2019

Мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: буллинг және моббинг

 

2019 жылдың 5-6 желтоқсанында «Балдаурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығында «Мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: буллинг және моббинг» тақырыбындағы республикалық семинар-практикумы өтті. Іс-шараны Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов ашты.

 

Семинарға қатысушылар мен шақырылған қонақтар арасында: педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербаева, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, Айгүл мұғалімдер Ахметова, Әсел Қазыбаева, Гүлжайна Касымова, сонымен қатар докторанттар Алена Губенко және Динара Сансызбаева болды. Семинарға қатысушылар мектептегі буллинг пен моббингқа байланысты көптеген мәселелерді талқылады, баяндамалар жасады, шеберлік сабақтарын өткізді, теориялық және практикалық білімдерімен бөлісті. Қорытынды кездесуде барлық семинар қатысушылары сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу