қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Дуалды оқыту жүйесіндегі үздіксіз педагогикалық практикасы

 

2019 жылдың 22 қарашасында Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс студенттері Тараз мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен «Дуалды оқыту жүйесіндегі үздіксіз педагогикалық практика: әл-Фараби және Абай тағылымдарына негізделген тұлғаға бағдарланған инновациялық технологияларды пайдалану жолдары» тақырыбында Республикалық on-line әдістемелік семинары өткізді.

 

Республикалық on-line әдістемелік семинарына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, «Өрлеу» БАҰО филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Тараз қаласындағы ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, №30 мектеп-гимназиясы және Тараз қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектебі қатысты.

 

Семинардың ашылу салтанатында институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бағдат Мәжінов және кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева оn-line семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Семинар педагогикалық аншлаг: «Практика ғажайыптары», «Менің алғашқы сабағым», Теориялық бөлім: «Менің үйренгенім..», тәжірибелік бөлім: «Кім жылдам, кім зерек?» «әл-Фараби тағылымы», «Абай мұрасы», «Ұстаз келбеті»: «Бетпе-бет», «Ашық микрофон» Айтарым бар... және «Ең үздік...» байқауымен қорытындалды.

 

«Ұстаз келбеті» педагогикалық жағдаят бөлімінде: Қазіргі заман педагогының келбеті қандай болуы керек? сұрағына «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс студенттері белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. «Ашық микрофон» айтарым бар бөлімінде «Абайтану» мұрасын зерттеген п.ғ.д. профессор И.Р.Халитова Абай мұраларын мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие жұмыстарында пайдалану мақсатында жазған «Оқы, баламен бірге оқы...» атты еңбегіне тоқталып, заманауи Абай туралы өз ұсынысын білдірді.

 

Республикалық on-line әдістемелік семинарына белсенді қатысқан профессор-оқытушылар алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу