қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2019

«Біз - альтруистерміз» тәлімгерлік сағаты

 

2019 жылдың 11 қарашасы күні Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы аға оқытушы, PhD докторы Әсем Булшекбаева өзінің тәлімгерлік тобы «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс студенттерімен «Біз - альтруистерміз» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізді.


Оның мақсаты - әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сырларына талдау жасау, қоғамда әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету кұндылықтарының калыптасуына септігін тигізу болатын.


Альтруизм - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын адамгершілік қағидат, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу деген сөз. Бұл қасиеттер әлеуметтік педагогтың ең басты сапасы болмақ.


Ұстаз әлеуметтік педагогтың әрбір өскелең жас адамға ақылшы, тәлімгер, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы маман екенін түсіндірді. Бұл мәселе бойынша студенттер өз ойларын ортаға салды.


Студенттерге мамандықтың сырлары туралы кең мәлімет беріліп, тренингтер жүргізілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу