Педагогика және психология факультеті |
14.12.2015
«Бос орындар жәрмеңкесі»Желтоқсан айының 9 жұлдызында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында барлық мамандықтардың бітіруші курс студенттеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті. Институт ұжымы Бос орындар жәрмеңкесінің қазіргідей нарық заманында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге де пайдалы әсері мен нақты көмегі көп тиетіндігін ескеріп, осы маңызды шараға тыңғылықты әзірліктерімен келгендерін байқатты. Жәрмеңкеге 70-тен астам білім беру мекемелері, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 32 мектептің мектеп директорлары, 62 мектеп директорының орынбасарлары, 10 балабақша меңгерушілері, 3 балалар үйінің өкілдері қатысты. Олар бүгін еңбекке орналастыру үшін талапкерлерге 300-ден астам бос орындарды ұсынады. Бұрынғы жылдарда өткен жәрмеңкелердің қорытындысы көңіл қуантады. Өткен жылы біздің институтты бітірушілердің 83 пайызы еңбекке орналасқан-ды. Биылғы нәтиже де одан асып түспесе, кем түспейді деп ойлаймыз. Бос орындар жәрмеңкесінің ашылу салтанатында институт директоры С.М.Кеңесбаев пен ҚазҰПУ оқу басқармасының бастығы Г.З.Таубаева құттықтау сөз сөйлеп, жұмыс беруші еңбек ұжымдарына және университетті бітіруші жастарға, студенттер қауымына сәттілік пен оң таңдау жасауға тілектестігін білдірді. Жәрменке аясында Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психология, Дефектология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология мамандықтары арасында көрме ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Мақтау қағаздары табыс етілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|