Педагогика және психология факультеті |
23.05.2019
«Ғылымдағы қадамдар» балалар ғылыми-практикалық конференциясы
2019 жылдың 16 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университетпен мектеппен ынтымақтастық аясында «Ғылымдағы қадамдар» атты кезекті балалар ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Наталья Хан,Гүлзира Абдуллаева, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп оқушылары сөз сөйледі.
Іс-шара барысында ұсынылған ғылыми жобаларға талдау жасалып, олардың жағымды аспектілері, сондай-ақ ұсынымдар айтылды. Конференция қатысушылары пікір алмасты және болашақта осы конференцияның жұмысын жалғастыру қажеттігін айтты. Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Балалардың ғылыми-практикалық конференциясы - бұл мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ғылыми бағыттағы өзара іс-әректтің баға жетпес тәжірибесі. Осы іс-шара мектеп пен жоғары оқу орнының өзара іс-әрекетінің жағымды тәжірибесінің кеңеюінде, мектептегі білім беру мен университеттегі болашақ мамандардың кәсіби даярлығының сапасының жақсаруында, заманауи мұғалімнің мәртебесінің жоғарылауында, ғылыми іс-әрекет шекарасының ұлғаюында маңыздылығы басым.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|