қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2019

Бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестиваль

 

9 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология институтының Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестивалі өтті.


Аталған іс-шараның мақсаты - оқушылар мен студенттердің STEM-білімді зерттеуге қызығушылығын арттыру, балалардың қызығушылығын қолдау және дамыту, ғылым, технология, инженерия, математика және күнделікті өмір арасындағы байланыстарды көрсету.

 

STEM фестивалінің бағдарламасы бойынша STEM-нің негізгі төрт бағыты бойынша көрме ұйымдастырылып, «Алгоритм» бағдарламасының тұсаукесері болды. STEM станциясының негізгі фокусы жайында айтылды. STEM (science, technology, engineering, mathematics) станцияларында студенттер балалармен бірге логикалық міндеттерді шешiп, ғылыми фокустарды жүргізді, құрастырды.

 

Фестиваль аясында әр оқушы өзіне қызықты нәрсе тапты. STEM фестивалінің ерекшелігі оқушыларды тыңдап, қарап қана қоймай, жобалау, құрастыру, бағдарламалау әрекетіне белсенді түрде қатысқандығы болды. STEM фестивалінің қорытындысы бойынша әрбір қатысушы (оқушы, студент - модератор) дипломмен марапатталды.

 

Фестивалге Алматы қаласындағы №159 және №56 мектептерінің 3 сынып оқушылары сынып жетекшілері мен ата-аналарымен бірге қатысты.

 

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары мен модераторлары кафедра оқытушылары, сонымен қатар 2-3 курс студенттері, 1-2 курс магистранттары болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу