қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2019

«Қазіргі заманғы университет: педагогтарды даярлау стратегиясы» ғылыми-әдістемелік семинар


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында (11-15 наурыз аралығында) Б.Гринченко атындағы Киев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Анна Беленькая магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар үшін «Қазіргі заманғы университет: педагогтарды дайындау стратегиясы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.


Семинардың мақсаты - мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерін айқындау. Семинар барысында мектепке дейінгі жастағы баланың құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы педагог-тәрбиешінің рөлі мен орны, сондай-ақ педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі туралы мәселелер талқыланды.


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар семинар жұмысына белсенді қатысты. Украинада мектепке дейінгі білім беруді дамыту перспективалары туралы сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар мен ұсыныстар берілді.

 

«Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева семинардың жұмысын қорытындылай келе, талқыланған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.


Жалпы семинар жемісті, жоғары ғылыми деңгейде өтті. Барлық қатысушылар аталған ғылыми кездесу ақпараттық құраммен ғана емес, сонымен қатар мазмұндылығымен және жаңалығымен есте қалатынын атап өтті. Семинарға қатысушылардың атынан Ұлбосын Қияқбаева, Анна Беленькая алғыс білдіріп, Украина ғалымдарымен әрі қарай ғылыми ынтымақтастыққа деген ізгі тілектерін білдірді.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу