Педагогика және психология факультеті |
23.10.2024
Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтерді даярлау: тенденциялар, мәселелер, шешімдер
2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Инклюзивті бағдарланған арнайы педагогтерді даярлау: тенденциялар, мәселелер, шешімдер» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің BR 18574162 «Арнайы педагогтерді инклюзивті бағдарланған даярлау» тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының командасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды сүйемелдеу процесін педагог кадрлармен қамтамасыз етудің жай-күйі мен үрдістері бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Инклюзивті білім беру ортасын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге арнайы білім беру саласындағы Қазақстандық ғалымдар және Өзбекстан Республикасы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің логопедия кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.Р.Муминова қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар арнайы педагогтерді даярлау және қайта даярлау, қосымша оқыту, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық қорлар мен қоғамдық бірлестіктерді инклюзивті білім беруді дамытуға белсенді тарту мәселелерін талқылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|