қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2024

Бастауыш білім беру кафедрасы жоба мүшелерінің іссапары


2024 жылдың 1-6 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының екі жобасы аясында (AP14872058 «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу») жоба мүшелері А.Е. Жумабаева, С.А.Нуржанова, А.С. Стамбекова және AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзiрлеу» жобасы бойынша Базарбекова Р.Ж., Умирбекова А.Н., Қалбергенова Ш.Б. іссапармен Ташкент қаласына (Өзбекстан  Республикасы) барды.

 

Іссапардың мақсаты - Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде «Raqamli ta`lim muhitida`ich ta`imga innovation marketing masalalari» атты халықаралық конференцияға қатысу және бастауыш сыныптарда оқыту үдерісінде нейродидактикалық тәсілдерді қолдану мәселесі бойынша және ЖОО-ның білім беру процесінде мобильді технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу.

 

Конференцияда А.Е. Жумабаева, С.А.Нуржанова, А.С. Стамбекова «Мобильді орта құру арқылы болашақ бастауыш педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу бағыттары» тақырыбында және Базарбекова Р.Ж. «Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетін дамытудағы нейродидактиканың рөлі мен маңызы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Зерттеу жобасының мүшелері Низами университетінің «Мектепке дейінгі білім беру» және «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессор-оқытушыларына және білім алушыларына семинар ұйымдастырды.

 

А.Е. Жұмабаева «Мектепке дейінгі білім беру педагогикасы» пәні бойынша, С. А. Нұржанова «Ана тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша, А. С. Стамбекова «Әлеуметтік психология» пәні бойынша, Базарбекова Р.Ж. «Бастауыш білім педагогикасы», Калбергенова Ш.Б. «Арнайы білім берудегі шет тілі», Умирбекова А.Н. «Балалардың әлеуметтік бейімделуі» пәндері бойынша дәріс оқыды.

 

Курс аясында оқыту үдерісінде мобильді технологиялар мен ұлттық құндылықтардың элементтерін пайдалану тәсілдері және бастауыш сынып оқушыларының  интеллектісін дамытудың нейродидактикалық тәсілдері көрсетілді.

 

6-16 қазан аралығында Педагогика және психология факультеті, Бастауыш білім беру кафедрасының екі жобасы аясында AP14872058 «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жобасы бойынша А.Е. Жумабаева, С.А.Нуржанова, А.С. Стамбекова және AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзiрлеу» жобасы бойынша Базарбекова Р.Ж., Қалбергенова Ш.Б.  іс-сапармен Анкара қаласы (Түркия), Гази университетіне барды.

 

Іссапардың мақсаты - Жоба тақырыптары бойынша Гази университетінің оқытушы-профессор құрамымен, ғалымдардың еңбектерімен танысып, бастауыш оқыту практикасында нейродидактикалық әдістерді қолдану және университеттің оқу процесінде мобильді технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

 

Жоба мүшелері іс-сапар барысында Гази университеті, бастауыш білім беру факультетінің профессорларымен, оқытушы-профессор құрамымен кездесті. Философия докторы (PhD), профессор Южел Гелишлидің «Түрік мектебінің бастауыш сыныптарына арналған бағдарламаларында білім алушылардың ұлттық тәрбиесі қалай көрінеді» тақырыбындағы дәрісін тыңдады. Бастауыш білім беру бағдарламаларында оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мәселелері  талқыланды. Философия докторы (PhD) Мұстафа Йылдыздың «Тілді оқытуда Web 2.0 құралдарын пайдалану жөніндегі зерттеулерге жүйелі шолу» сияқты зерттеулерімен танысты. Жоба бойынша зерттеу тобы Түркияның Президенттік Ұлттық кітапханасында жоба тақырыбына қатысты ғылыми еңбектермен, сондай-ақ Гази университетінің кітапханасындағы диссертациялармен, ғылыми әдебиеттермен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу