қазақша · русский · english
 
 
 
24.09.2024

Тіл – халықтың баға жетпес байлығы


2024 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні мерекесіне орай  «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің қатысуымен қызықты танымдық іс-шара өтті. Қатысушылар шығармашылық, педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, қазақ, түрік, орыс, украин, ұйғыр және дүнген халықтарының тілдерін білу деңгейлерін көрсетті. Сонымен қатар салт-дәстүрлерді, ұлттық ойындарды, түрлі халықтардың билерін ұсынып, шешендік өнер дағдыларын тарту етті.

 

Аталған іс-шараны п. ғ. к., профессор А. Б. Акпаева, п. ғ. м., аға оқытушы М. Т. Бекбаева ұйымдастырды.

 

  alt=  

 

                




Кері оралу