қазақша · русский · english
 
 
 
20.08.2024

Абай университетінің оқытушылары халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті

 

2024 жылдың 5-12 тамызы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы - Нұржанова Сажила, Әбитова Гүлбану, Алимбекова Анар Будапешт (Венгрия) қаласында өткен Маттиас Корвинус атындағы «Жас таланттарды дамыту»  Еуропалық зерттеу институтында «Білім алушылардың әл-ауқаты және таланттарды қолдау: креативтілікті дамыту және ойлау дизайны. Білім берудегі нейро-ғылымдар. Жасанды интеллект және білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Зерттеу институтының директоры (Mathias Cornivus Collegium) Янос Сечений, Лоранда Этвес Университетінің профессоры (Eotvos Lorand University) Сильвия Фодор, Дебрецен гуманитарлық ғылымдары университетінің профессоры (University of Debrecen) Вилмос Вас және  Будапешт Метрополитен университетінің профессоры, доктор Хабил Вилмош Вас халықаралық тағылымдама бағдарламасы бойынша Еуропа мен Америка білім беру жүйесімен таныстыру дәрістерін жүргізіп, практикалық жұмыстар, педагогикалық тренингтер өткізді.

 

Сондай-ақ, 2024 жылдың 10 тамызында халықаралық тағылымдамаға қатысушы профессор - оқытушылар  құрамына Венгрияның Бугац қаласында өткен Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлі іс-шарасы құрылтайына қатысудың сәті түсті. Құрылтайдың мақсаты - угро-финдер мен олардың мәдени туыстары, Шығыс Түркі халықтары, Алтай және Орал халықтары арасындағы Еуразиялық дала-көшпелі ат спорты мәдениеті мен дәстүрлерінің бірлігін нығайту. Ең қызығы, Орталық Азия көшпелі халықтарының алғашқы құрылтайы Қазақстанның Торғай облысында, 2007 жылы өткізілген болатын.

 

Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамының үздіксіз кәсіби дамуға деген ұмтылысы - жоғары білім беру процесінінде жас зерттеушілерге ғылыми жетекшілік жасауда табыс пен жетістіктің кепілі деп білеміз. Халықаралық ынтымақтастық жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер мен жаңашылдық әкелетініне сенімдіміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу