қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2024

3 курс студенттердің педагогикалық практикасы

 

Абай университеті Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 29 маусымындағы №10 хаттама шешімімен бекітілген Академиялық саясатының 239-тармағына сәйкес Педагогика және психология институтына қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 3 курс студенттері 2024 жылдың 22 қаңтардан бастап (15 апта) Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №96 бөбекжай-балабақша базасына педагогикалық практикадан өтіп жатыр. Педагогикалық практикаға педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.З.Таубаева жетекшілік жасады.

 

Аталмыш білім бағдарламасы бойынша оқитын студенттер педагогикалық практикаға барған күннен бастап, бірнеше топқа («Балдырған», «Айгөлек», «Ботақан», «Еркемай», «Ақ көгершін», «Қызғалдақ») бөлініп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру үрдісін жүргізе бастады. Практика барысында қоршаған ортамен таныстыру («Көктемгі баққа саяхат»), математика негіздері («Ғажайып пішіндер»), сөйлеуді дамыту («Үй жануарлары мен олардың төлдері», «Алматы- алма бағым»), дене шынықтыру, сурет салу («Көктем келді», т.б.), құрастыру («Құрақ көрпе», «Әдемі тостаған», т.б.) ұйымдастырылған іс-әрекеттерін әртүрлі әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, қызықты да тартымды етіп өткізе білді.

 

Сонымен қатар, барлық топтарда «Наурыз, қош келдің, біздің бақшаға!» қазақтың Наурыз мерекесіне байланысты мерекелік іс шара өткізуге атсалысты. Мектепке дейінгі ересектер тобында «Кел, балалар, ойнайық» ұлттық ойын, «Жол жүру ережелері», «Ғарышқа саяхат» атты іс-шаралар өткізді. Студенттерге №96 балабақша әкімшілігі мен топ тәрбиешілері ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу