қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2024

«Ерте жастағы балаларды дамытудын инновациялық тәсілдері» республикалық семинар-практикум

 

2024 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «Ерте жастағы балаларды дамытудын инновациялық тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.

 

Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары - Педагогика және психология институтының «Арнайы педагогика» кафедрасы, ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалык мемлекеттік мекемесі, «ҚР дефектологтар және логопедтер ассоциациясы», «Digital Academy Elab.Asia».

 

Семинар-практикумның мақсаты - арнайы педагогтарды ерте жастағы балалардың танымдық процестерін дамытудың инновациялық әдістерімен таныстыру, ерте жастағы балалармен жұмыс тәжірибесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесімен алмасу.

 

Іс-шара барысында барлық ұйымдастырушы мекемелердің логопедия және дефектология саласындағы тәжірибелі мамандары шеберлік сабақтарымен бөлісті.

 

Семинар-практикумға ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, арнайы және жалпы білім беретін мектептердің, ерте білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын 250-ден адам қатысты.

 

Іс -шара соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу