қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

«Инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» халықаралық онлайн конференциясы


2024 жылдың 12 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының арнайы педагогика кафедрасы «Инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық онлайн-конференция өткізді.


Конференцияға көршілес елдердің білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушылары мен кафедра меңгерушілері, ҚР жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Конференция жұмысы инклюзивті білім беру ортасын құрудың өзекті мәселелеріне бағытталды. Конференция барысында Қазақстан Республикасы мен таяу шет елдердің білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері, жобалау шарттары және жетілдіру перспективалары талқыланды.


Конференцияға қатысушылар білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасты. 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу