Педагогика және психология факультеті |
10.04.2024
«Smart-технологияларды бастауыш білім беру үдерісінде қолдану әдістемесі» тақырыбындағы мастер-класс
2024 жылдың 9 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, бастауыш білім беру кафедрасының профессоры А.С.Әмірова «Бастауыш білім беру процесінде Smart-технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбында жалпы университеттік гибридті шеберлік сабағын өткізді. Мастер-кластың мақсаты - Smart технологиялардың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, оларды бастауыш білім беру үдерісінде қолдану жолдарын көрсету.
Мастер-класс жұмысына Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева, «Бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі А.Е.Жұмабаева, профессор Г.И.Уайсова қатысты.
Мастер-класқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жетісу университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Кентау гуманитарлық техникалық колледжі, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектебі, Алматы қаласы Заман элиталық қазақ мектебі, Алматы облысы, Талғар қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №7 лицей орта мектебі, Алматы облысы, Талғар ауданы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар қатысты.
Мастер-классты спикер А.С.Амирова «Smart-технологияларды бастауыш білім беру үдерісінде қолдану әдістемесі» тақырыбындағы мазмұнды баяндамамен бастады. 2-курс докторанты Жанкушков Бауыржан «Бастауыш білім беру» кафедрасының «Білім, ғылым және кәсіби жетістік» тақырыбындағы виртуалды шеберханасымен таныстырды. Пост-докторант Измагамбетова Раиса «Жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде интеграциялау» тақырыбында баяндама жасады. ChatGPT нейрондық желі мысалында, жасанды интеллекті мүмкіндіктері туралы 1-курс докторанты Есентаева Бакыткуль, «Цифрлы технологиялар және оларды пайдалану жолдары» тақырыбында 1-курс докторанты Ибрайханова Алуа өз тәжірибесімен байланыстырып көрсетті.
Математика пәні бойынша онлайн ресурс «Padlet» тақтасымен жұмыс жасау, онлайн-сервис «Quizizz», «Learning APPS» онлайн платформаларында өз тәжірибесінде қолданылған сабақтың үлгісін 1-курс магистранты Нұржігітова Айдана таныстырды.
3-сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінен «Жануарлар» бөліміндегі «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» тақырыбын Mozaika 3d арқылы түсіндіру әдістемесін 1-курс докторанты Кожаханова Лаура көрсетті. 3D объектілерін 2-сыныптың «Жаратылыстану» пәні бойынша «Жер және ғарыш» бөліміндегі тақырыптарды Мerge edu бағдарламасы арқылы 3D объектісімен көруге мүмкіндік береді. Мerge edu бағдарламасын пайдалана отырып өсімдіктер, жан-жануарлар, адамның дене мүшесі және ғаламшар әлеміне т.б. 3D объектісі зерттеу жасау бойынша 1-курс докторанты Жекеева Аққалам өз тәжірибесімен бөлісті.
Мастер-кластың негізгі сәттерін талқылауға Бастауыш білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар және онлайн қатысқан тыңдаушылар белсенді қатысып, сындарлы кері байланыс берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|