қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2024

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобалары II байқауының қорытындысы шығарылды

 

2024 жылдың 6 сәуірінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен жобаларының II байқауының финалы өтті. Іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында өткізілді. Конкурс туралы ережені Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының педагогтары: профессор А.Е. Жұмабаева, кафедра меңгерушісі Ж. К. Астамбаева, аға оқытушы А. Б. Акпаева, профессор Л. А. Лебедева, профессор, сондай-ақ ғылыми кеңестің хатшысы п. ғ. д. М. А. Абсатова кіретін жұмыс тобы әзірледі.

 

Жартылай финал кезеңіне 35 жұмыс келіп түсті, оның 13-і финалға өтті. Қорытынды кезеңге жұмыстарды іріктеу үшін профессор Л.А.Лебедева, аға оқытушы Ж.К.Астамбаева, қауымдастырылған профессор Р.Ж.Базарбекова, аға оқытушы Е.В.Рябова, Алматы қ. STEAM мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі (педагог-зерттеуші) О.В.Боброва, Steam мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері (педагог-зерттеуші) Е.В.Хузина, «№46 Гимназия» КММ мұғалімі Р.М.Кебировадан тұратын қазылар алқасының командасы ұсынылған материалдарды зерделеп, электронды дауыс берді. Ұсынылған жұмыстар идеяның бірегейлігі, зерттеу сапасы, презентацияның айқындығы мен сенімділігі сынды ережеде көрсетілген критерийлер бойынша бағаланды.

 

Байқаудың барысы бойынша «Бастауыш білім беру АКТ-мен» мамандығының  2-курс студенттері, ал қорытынды кезеңі жұмысын ұйымдастыруда «Бастауыш білім беру бизнес инновацияларымен» мамандығы 1-курс студенттері белсенді қолдау көрсетті.

 

Байқаудың соңғы кезеңінде әділ қазылар алқасы құрамына кафедраның профессоры Кдырбаева, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессор-зерттеушісі С.К.Абильдина, аға оқытушы М.Т.Бекбаевалар қосылды. Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі А.Е.Жумабаева, Педагогика және психология институтының директоры Г.А.Абаева байқауды дайындауға және өткізуге ерекше көңіл бөліп, жүлдегерлерді марапаттауға қатысты.

 

Дауыс беру қорытындысы бойынша І-ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттауға 3-4-сыныптар жас тобында 11 жұмыс және 1-2-сыныптар жас тобында 3 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар әртүрлі тақырыптарда өздерін қызықтырған ғылыми жобаларын ұсынды. Жобалардың арасында зерттеулер, эксперименттер, жобалық және технологиялық өнімдер бар.

 

Соңғы көпшілік алдындағы қорғауда оқушылар өз нәтижелерін растады. Байқау кішкентай ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын қолдауға және олардың осы саладағы таланттарын дамытуға көмектесуге арналған. Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарының финалистері шақырылды, олар өздерінің ғылыми зерттеулерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы қызықты етіп баяндай алды.

 

Қорғау еркін, достық, ынтымақтастық форматында өтті. Бастауыш білім беру бизнес инновациямен мамандығының 1-курс студенттері қорытынды кезең жұмысын ұйымдастыруға көмектесіп, университет бойынша экскурсия өткізді.

 

Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 

Байқау хаттамасы бойынша сілтеме: https://docs.google.com/document/d/1vSfTPP5PYEiFZ18QGm2KLatWaBsqB2Xf9nSTcg8O-XY/edit?usp=sharing

 

Байқаудың Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, жетекшілер мен серіктестерге белсенді қатысқаны және бастауыш сынып оқушыларының зерттеу біліктерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Бұл іс-шара оқушылардың одан әрі зияткерлік және шығармашылық өсуіне серпін беретініне сенімдіміз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жастардың ғылыми зерттеулер мен инновацияларға деген ұмтылысын қолдай отырып, осындай байқауларды өткізу жұмысын жалғастырады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу