қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері әзірбайжандық студенттерге онлайн сабақ өткізді

 

2024 жылдың 30 наурызында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Сказки нашего детства» атты онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабаққа Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері Жұматай Айсана, Досалина Аруна, Сарбасова Айнур, Султани Фавзия (Ауғанстан), Камышанская Арина, Нургалиева Амина, Даутова Мариям және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Білім берудегі әлеуметтік-психологиялық қызмет» мамандығының 2-3 курс студенттері Эмиль Бахтияров, Фархад Алиев, Эльмар Гасымов, Лейла Татараева, Мурад Агаев, Ламия Амирова, Элтон Расулов ​​(Баку қ., Әзірбайжан) қатысты.

 

Кездесу «төңкерілген сабақ» форматында өтті - әзірбайжандық студенттер тақырыптың теориялық бөлігімен алдын ала танысып, сабақ барысында жаттығулар орындады, жылдам сұрақтарға жауап беріп, интерактивті бөлімде тақырып бойынша викторинада қазақ халық ертегісі «Ақсақ-құлан», әзірбайжан халық ертегісі «Тык-тык ханым» және француз халық ертегісі «Золушка» ертегілерін тамашалап, талқылады. Студенттер қазақстандық музыкалық аспаптарға қызығушылық танытып, өздерінің әзірбайжандық аспаптары туралы айтып, әсерлерімен алмасты. Соңында барлық қатысушылар нейрогимнастика жасап, кері байланыс берді.

 

Бірлескен сабақ оқу жылының барысында өткізілетін «Азбука психологии: студент студенту» Екінші халықаралық білім беру марафоны аясында өтті.

 

Марафонның ұйымдастырушылары, модераторлары және сарапшылары филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова және әлеуметтік ғылымдар магистрі, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Исалиева (Абай атындағы ҚазҰПУ), педагогика ғылымдарының докторы, «Мектепке дейінгі тәрбие» факультетінің деканы Наиля Гусейнова және жалпы психология кафедрасының оқытушысы, практикалық психологы Гюлер Мамедова (Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университеті), Алматы қаласы №18 гимназияның педагогикалық психологы Ақжан Барманашева болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу