қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2024

Қос дипломды білім беру бағдарламасы: Түркияның Гази университеті және Абай атындағы ҚазҰПУ екіжақты келіссөздер жүргізді

 

2024 жылдың 25 наурызында Анкара қаласындағы (Түркия) Гази университетінде университеттік ғылым мен академиялық ұтқырлық деңгейін арттыру, көпжақты оқыту бағдарламаларының жаңа нысандарын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша екіжақты келіссөздер өтті.

 

Гази университеті (Түркия) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көптеген жылдар бойы стратегиялық серіктестер болып келеді.

 

Гази университетіне ғылыми іс-сапармен барған кафедра меңгеуршісі Ұлбосын Қыяқбаева мен университет ғалымдары Гүлбану Абитова, Анар Алимбекова, Асем Булшекбаеваларды проректор Южел Гелишли қабылдап, бірлескен білім беру бағдарламасын дайындау мен іске асырудың қадамдары талқыланды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Гази университеті (Түркия) арасында жасалған меморандум аясында ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттары, мектепке дейінгі білім беру бойынша педагог кадрларды одан әрі бірлесіп ғылыми даярлаудың заманауи тәсілдері, қазақстандық және шетелдік еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қарастырылды.

 

Бүгінгі таңда қос дипломды білім беру - жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастырудың маңызды құралдарының бірі. Бұл бағыт университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан дамуының стратегиялық мүдделеріне жауап береді, білім беру сапасын жақсартуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының санын арттыруға ықпал етеді.

 

Келіссөз барысында екі жақты ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бірлесе жоба орындау, профессор-оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша жазғы мектеп жұмысын жоспарлау талданып, оңтайлы шешімдер қабылданды.

 

  alt=  

 




Кері оралу