қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

«English Challenge Month» - «Improving communication skills» конкурсы

 

2024 жылдың 26 қаңтарынан 16 ақпанына дейін Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасында 3 курс докторанты Шолпан Калбергенова диссертациялық зерттеу аясында (жетекшісі п.ғ.к., доцент Л. А. Лебедева) «English Challenge Month» - «Improving communication skills» конкурсын өткізді.

 

Конкурстың негізгі мақсаты ағылшын тілін үйрену барысында шығармашылық сөйлеу дағдыларын көрсету болды.

 

«Бастауыш білім ағылшын тілінде» және «Бастауыш білім көптілділікпен» БББ 1-ші және 3-ші курс студенттері тапсырмаларды орындауға дербестік пен шығармашылықпен қарады, ағылшын тілін меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті.

 

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

«Grammar & Vocabulary» номинациясы бойынша:

I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс;

II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс;

III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.

 

«Poetry café & expressive reading» номинациясы бойынша:

I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс;

II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс;

III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.

 

«American & British writers» номинациясы бойынша:

I орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 3 курс;

II орын - «Бастауыш білім көптілділікпен», 3 курс;

III орын - «Бастауыш білім ағылшын тілінде», 1 курс.

 

Конкурс студенттердің шығармашылық сөйлеу дағдыларын игерудегі үлкен әлеуетін көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу