қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2024

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету семинар-тренингі

 

2023 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласы №185 жалпы білім беретін мектеппен жасалған меморандум аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау мақсатында Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Астамбаева Жупат Қанапьяқызы «Бастауыш сынып математикасындағы күрделі материалдарды оқыту алгоритмдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Трениингке мектептің барлық санаты бар 27 мұғалім және мектеп директоры Кержикеева Данагүл мен бастауыш білім беру жетекшісі Курманова Маржан қатысты. Ж.К.Астамбаева математиканың бастауыш курсын құрайтын аса маңызды ұғымдарды оқытуда қиындық келтіретін материалдарға талдаулар жасап, олармен жұмыс жасау әдістемесін ашып, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

 

Тренинг соңында мектеп директоры мен мұғалімдер алғыстарын білдіріп, осындай әдістемелік қолдау жұмыстарының жалғасын табуының, ілгерідегі тиімді ынтымақтастықпен жұмыс жасаудың қажеттігін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу