қазақша · русский · english
 
 
 
22.01.2024

Арнайы педагогика кафедрасының оқытушылары Қысқы мектеп жұмысына қатысты

 

2024 жылдың 08-20 қаңтары аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да еліміздің педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары оқу орнынан 1800 профессор-оқытушылар құрамын оқытуға бағытталған «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» тақырыбында Қысқы мектеп өтті.

 

Университеттің білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің ұйымдастыруымен өткен Қысқы мектеп жұмысында спикер-тренерлер: білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры А.Байдильдина, институциональдық тиімділік кеңсесінің жетекшісі Ш.Хамраев, педагогика және психология институтының директоры Ғ.Абаева, информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Н.Ошанова, оқытушылар: Ш.Карбаева, Ш.Нұрман, З.Рабилова, ҚР ҒЖБМ, Назарбаев Университетінің өкілдері және фин сарапшылары болып табылады.

 

Қысқы мектеп аясында жүргізілген семинар-тренингтердің мақсаты -жоғары сапалы білім беру бағдарламаларын дайындау, білім беру бағдарламалары үшін силлабустар жазу, жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру, т.б. бойынша қатысушылардың білімідері мен дағдыларын жетілдіру.

 

Арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамынан 10 адам Қысқы мектептің жұмысына белсенді қатысып, жоғары білімнің әлемдік элитасына кірудің жоғары міндеттері, университеттің инновациялық әлеуетін арттыру, болашақтың университетін қалыптастыру параметрлерін айқындайтын инновацияларға назар аудару, озық білім беру бағдарламаларын дайындау, қоғамдық өмірге қатысу және тұрақты дамуға қосатын үлесі саласында өз біліктілігін арттырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу